418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда пәтерден өрт шығып, 5 жасар бала көз жұмды

  • 196
  • UPD: 15:30, 14.06.2020
Көкшетауда пәтерден өрт шығып, 5 жасар бала көз жұмды

Көкшетауда көп қабатты үйлердің бірінде пәтерден өрт шығып, 5 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы екі бала ауыр халде ауруханада жатыр. Оқиға өткен түнде болған. Жанып жатқан пәтерден балаларды көршісі алып шыққан. Алайда біреуі ауруханаға жеткен соң көз жұмған. Белгілі болғандай, балалар үйде 21 жастағы әпкелерімен қалған екен. Өрт әпкелері дүкенге шығып кеткен кезде болыпты. Ал ата-аналары үйде болмаған. Аман қалған 10 және 7 жасар балалардың да жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Себебі денелерінің 80-90 процентін күйік шалған. Олар қазір жансақтау бөлімінде. Ал өрттің нақты неден шыққаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы