424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы орман өртіне найзағай себеп болған

  • 416
  • UPD: 18:00, 14.06.2020
Павлодар облысындағы орман өртіне найзағай себеп болған

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оттың тұтануына орманға жай түсуі себеп болған.

«Өрт Шарбақты ауданының Галкин ауылдық округінде, Құлат ауылынан 10 шақырым жерде басталды. «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қарағаш жанған. Өрт бүгін сағат 10:55 кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 50 адам, 20-дан астам техника, соның ішінде Ми-2 тікұшағы жұмылдырылды» делінген хабарламада. Өрт аумағы 100 гектарға жуықтайды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы