423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда өрт сөндірушілер газ тарату пунктін жарылыстан сақтап қалды

  • 385
  • UPD: 22:51, 14.06.2020
Алматыда өрт сөндірушілер газ тарату пунктін жарылыстан сақтап қалды

Алматыда өрт сөндірушілер Түрксіб ауданында болған қауіпті өртті сөндіріп, газ тарату пунктінің жарылуына жол берген жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«14 маусым күні сағат 17:16-да 101 пультіне Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай даңғылында орналасқан жеке үйдің иесінен өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің алғашқы тобы оқиға орнына 4 минуттың ішінде келіп жеткенде 2 үйдің шатыры жанып, іргелес дәмхана шатырын шарпып жатты», - деп атап өтті ТЖД.

Ведомство мәліметінше, өзге де іргелес нысандарға өрттің таралуы қаупі жоғары болған. Бұған қоса қызыл жалынға оранған нысанға тақау газ тарату пунктінің орналасқандығы жағдайды одан ары қиындата түсті. Сондықтан оқиға орнында жедел штаб құрылып, өртті сөндіру екі учаскеде жүргізілді. Апаттық құтқару қызметі де оқиға орнына шақырылып, олар электр және газ желілерін ажыратып тастады.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде 250 шаршы метр аумақты шарпыған өрті сағат 18:06-да толық сөндірілді. Өрт орнынан сыйымдылығы 150 литр 3 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылды және өрттің іргелес үйлерге таралуына жол берілмеді. Қызыл жалынмен күреске 26 маман мен 8 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Хабар 24 телеарнасы