431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда суға батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

  • 280
  • UPD: 11:16, 16.06.2020
Атырауда суға батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Атырау облысында суға кеткен адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.

2020 жылдың 13 маусымында Атырау қаласының Геолог кенті Жайық өзенінде Атырау облысы ТЖД «ЖҚЖ» күшімен 1993 жылы туған жігіттің денесін іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт достарымен демалыста болған және шамамен сағат 17:10-да арнайы жабдықталмаған жерде суға шомылу кезінде суға батып кеткен.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеді, бірақ іздестіру жұмыстары жалғасады.

Атырау облысы ТЖД арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы