424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қатты дауылдан аягөздік тұрғындар жарықсыз қалды

  • 664
  • UPD: 22:51, 16.06.2020
Қатты дауылдан аягөздік тұрғындар жарықсыз қалды

Бүгін кешкісін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында қатты дауыл тұрып, құйын жүріп өтті.

Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде хабарлап жатыр. Олар бейнебаяндар таратып, ұйтқи соққан желдің қаттылығы сонша, кейбір үйлердің шатырын ұшырып, ағаштарды тамырымен жұлып кеткенін айтады. Тіпті ауыр жүк көлігінің өзін тербелтіп жіберген. 40 мыңнан астам халқы бар қалада қазір электр қуаты жоқ. Әкімдік өкілдері мен төтенше жағдайлар мамандары келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы