428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде төрт жасар бала терезеден құлап кетті

  • 1178
  • UPD: 09:20, 17.06.2020
Өскеменде төрт жасар бала терезеден құлап кетті

Өскеменде Добролюбова көшесіндегі үйдің терезесінен төрт жасар бала құлап кетті, хабарлады YK-news.kz.

Кеше 15:47-де ата-анасының қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Түрлі жарақат алған бала ауыр халде ауруханаға түсті.

Құтқарушылар ата-аналарға үйлердің терезелеріне арнайы құлыптар мен торлар орнату керек екенін айтып, дабыл қағуда.

Хабар 24 телеарнасы