429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атышулы қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Мәскеуде ұсталды

  • 345
  • UPD: 22:29, 17.06.2020
Атышулы қаржы пирамидасын құрушылардың бірі Мәскеуде ұсталды

«Гарант-24», «Выгодный Займ» және «Estate Lombard» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандардың бірі Мәскеу қаласында ұсталды.

Бұған дейін 29 жастағы Сергей Фроловқа халықаралық іздеу салынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қаржы пирамидасын құрғандар 15 мың адамды алдап соққан. Алаяқтар салымшыларға 20 миллиард теңге қайтаруы тиіс.  

Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы:

- Күдікті Фролов Гарант 24, Естейт Ломбард, Выгодный займ қаржы пирамидасына қатысты салушылардың ақшаларын ұрлағаны үшін халықаралық іздеуде болды. Қылмыстық іс тергеу жедел тобымен Ақтөбе қаласында тергелуде. Іс бойынша 20 миллиардтан астам зиян келтіріліп, 15 мың жәбірленуші анықталды.

Хабар 24 телеарнасы