423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысындағы тасжолда жүк көлігі өртенді

  • 288
  • UPD: 12:10, 18.06.2020
Қостанай облысындағы тасжолда жүк көлігі өртенді

Қостанай облысында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті.

Оқиға кеше түнде Озерное ауылының маңында болған. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі растады.

«Озерное ауылының маңындағы тасжолда «Koegel S24-1» жүк көлігінің 40 шаршы метр аумақты құрайтын тіркемесі өртенді. Сағат 01:51-де өрт ауыздықталды. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінен екі техника мен бес адам жұмылдырылды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің себебі мен жарақат алғандар туралы әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы