432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жол апатынан 7 жасар бала көз жұмды

  • 431
  • UPD: 12:03, 18.06.2020
Павлодар облысында жол апатынан 7 жасар бала көз жұмды pavlodarnews.kz

Тас жолда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соғысқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

– 17 маусым күні 15:30-да Тереңкөл – Железин автожолының 2 шақырымында Volkswagen Passat маркалы автокөлік пен DAF жүк көлігі соқтығысқан. 32 жастағы облыс тұрғыны басқарған Volkswagen Passat автокөлігінде жүргізушінің кәмелетке толмаған үш баласы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2013 жылғы бала қайтыс болды, – деді баспасөз қызметінде.

Департаменттің хабарлауынша, 2016 және 2020 жылы туған екі қыз бала Павлодар қаласының ауруханасына жеткізілді. Сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы