423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тобыл өзеніне батып кете жаздаған әйел құтқарылды

  • 212
  • UPD: 13:03, 18.06.2020
Тобыл өзеніне батып кете жаздаған әйел құтқарылды

Жедел құтқару жасағы суға батып бара жатқан 39 жастағы әйелді дер кезінде құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Оқиға Қостанайдағы Тобыл өзенінің жағажайында болды.

16 маусым күні сағат 16:30 шамасында «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел құтқару жасағының қызметкерлері қалалық жағажайда 1981 жылы туған әйелді құтқарды.

Кезекшілік кезінде құтқарушылар белгісіз бір әйелдің көмек сұрап жатқанын естіген. Құтқарушылар жедел әрекетке көшіп, әйелді өзеннен алып шықты. Моторлы қайықпен жағаға жеткен бойда оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қостанай облысының құтқарушылары азаматтарға тек жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы