425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

  • 365
  • UPD: 12:13, 19.06.2020
Атырау облысында 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі жасар қыз терезеден құлап кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақкөл ауылында 18 маусым күні түнге жуық болған.

«Ақкөл ауылының Иманов көшесінде орналасқан 2 қабатты үйдің терезесінен 2 жасар қыз құлап кетті. Балақай жабық бас-сүйек жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды», - деді ведомстводан.

Атырау облысында жыл басынан бері осындай 4 оқиға тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы