423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада 32 жастағы жігіт өз анасына қол көтерген

  • 395
Қызылордада 32 жастағы жігіт өз анасына қол көтерген

 

Алкогольді ішімдікке әуес азамат бұған дейін де бірнеше рет қарт кісіге жұдырық ала жүгірген.

Түрлі жарақат алып, үйінен қашуға мәжбүр болған зейнеткер қазір дағдарыс орталығын паналап жүр. Полиция шектен шыққан тұрғынға қатысты іс қозғап, сотқа жолдапты. Сот тарапынан бір тәулікке қамау жазасын қолдану туралы шешім шыққан. Ал анасы бұзақы баласының кем дегенде 6 айға наркологиялық орталыққа жатқызылуын сұрайды.

Жалпы, карантин кезінде облыс бойынша 158 отбасында тұрмыстық жанжал тіркелген. Оның біреуі кісі өлімімен аяқталған. Ұрып-соғу, орташа ауырлықтағы дене жарақатын салу секілді отбасындағы қылмыстардың 70%-і спирттік ішімдік қабылдау салдарынан туындайды екен. Осы ретте полицейлер «зорлық-зомбылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық шарасын өткізіп, тәртіпсіздікке бейім азаматтардың үйлерін аралап жүр.      

Бақыт Молдабеков, жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

– Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған тұлғалардың 100% тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріліп, әңгімелесу жүргізіліп, міндеттері түсіндірілді. Жұмыстар барысын жандандыру мақсатында облыс бойынша халық көп жиналатын демалыс орындары, аялдама, сауда үйлері, мекемелерге ақпараттық материалдар ілінуде.

Хабар 24 телеарнасы