431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында сегіз жасар бала суға кетіп қалды

  • 245
  • UPD: 11:10, 22.06.2020
Қостанай облысында сегіз жасар бала суға кетіп қалды

Қостанай облысында сегіз жасар бала суға кетіп қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ол Федоров ауылының жасанды шұңқырына батып кеткен. 

21 маусым сағат 14:54-де «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жағадан 13 метр тереңдікте баланың денесін алып шықты. Қайғылы оқиға орны шомылуға жабдықталмаған.  ​

Ата-анасының айтуынша, 20 маусымда сағат 15:00-де бала скейтбордты алып, көшеге шығып кеткен. Кешке қарай ата-ананың өз бетінше іздестіруі нәтиже бермеді. Содан кейін олар полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, бала сол күні су қоймасында достарымен бірге болған. ​

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

Хабар 24 телеарнасы