432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнші Ерке Есмаханның әкесі пневмониядан көз жұмды

  • 734
  • UPD: 12:46, 22.06.2020
Әнші Ерке Есмаханның әкесі пневмониядан көз жұмды Tengrinews

Бұл туралы әншінің әріптестері желіде жариялаған көңіл айту хабарламасынан белгілі болды.

Әнші Ерке Есмаханның әкесі қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаралы хабармен әнші Нұрболат Абдуллин өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол желіде әріптесі мен жерлестері Ерке Есмаханға әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтатынын жазған.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ер адам пневмониямен ауруханаға түскен. Ақтөбедегі ауруханалардың біріне жеткізілген ер адам келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болған.

Әншінің өзі әлеуметтік желілерде бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме бермеген және осы тақырыпқа қатысты жазба жарияламаған.

Хабар 24 телеарнасы