Елордада көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен ер адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтанда көп қабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен ер адам қайтыс болды.
Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
«21 маусымда қалалық жедел жәрдем станциясына көп қабатты үйден ер адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Дәрігерлер тобы оқиға орнына барды. 1989 жылғы ер адам №2 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Ер адамның жағдайы өте ауыр болды. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан қайтыс болды», - деді басқармадағылар.