Лак-бояу материалдары өндірісі және көтерме сатумен айналысатын «САҒАН colour» ЖШС-де таңертең сағат 10:00-де өрт шықты, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, майор Жанас Рустамның айтуынша, тілсіз жауды ауыздықтауға 6 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған.
«Кәсіпорын Путейская көшесі, 2 мекенжайында орналасқан. ТЖД қызметкерлері келген кезде қойманың 200 шаршы метр темір-бетонды төбесі жанып жатқаны анықталды», - деді Жанас Рустам.
Өрт салдарынан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Қазіргі таңда қойманың төбесін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.