426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда санитарлық сақтықсыз той өткізген адам жазаланды

  • 231
  • UPD: 15:17, 22.06.2020
Қостанайда санитарлық сақтықсыз той өткізген адам жазаланды

Бүкіл ел коронавирусқа байланысты оқшауланып жатса, қостанайлықтар карантиннен жалыққан секілді. Рейдке шыққан арнайы мониторингтік топ тойханадағы дүркіреп өтіп жатқан үйлену тойына кезікті.

Қуанышты шараға жиналған қауымның қарасы 70 адамнан асқан. Олар емін-еркін, маска тақпай, арақашақытықты ұстанбаған. Нысанға кіреберісте қарапайым залалсыздандыру құтылары болмаған. Енді бас санитар дәрігерінің қаулысын бұзған кәсіпкерге 200 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін. Той дереу түрде тоқтатылды. Қонақтар мейрамханадан үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. 

- Я штраф готов оплатить. Я готов.

- Закрывайте, прекращайте мероприятие.

- Можно через час?

- Нет нельзя. Закрывайте мероприятие! 

Айдана Жақашева, қалалық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бб жетекші маманы:

- Мейрамхана қожайынынан түсінктеме алынды. Енді жеке кәсіпкер әкімшіілік тұрғыда жауапқа тартылады. Барлығы заң жүзінде болады.

Хабар 24 телеарнасы