429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында бір бала бассейнге батып кетті

  • 420
  • UPD: 14:49, 22.06.2020
Жамбыл облысында бір бала бассейнге батып кетті

21 маусым күні сағат 15:30-да Жуалы ауданы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы аумағындағы демалыс аймағының бірінде орналасқан 3 метр тереңдіктегі бассейнге 2012 жылы туған бала батып кетті.

Бала ересектердің қарауынсыз қалған. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД екі қызметкері мен бір техника шықты, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

«Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жүргізіп жатқан жұмыстарына және күнделікті рейдтік жұмыстарға қарамастан, қайғылы оқиға орын алып отыр. Бұл – биыл болған бесінші қайғылы оқиға. Жазғы шомылу маусымы басталғалы бері бес адам суға батып, оның біреуі құтқырылды, 4 адам қаза болды, оның үшеуі – бала. Біз өз кезегімізде азаматтарды балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ тыйым салынған жерлерде шомылмауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы