424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда емхана директоры ұзақ уақыт бойы қызметкерлерден ақша бопсалап келген

  • 685
  • UPD: 15:34, 22.06.2020
Атырауда емхана директоры ұзақ уақыт бойы қызметкерлерден ақша бопсалап келген

Атыраудағы номері төртінші емхананың директоры қол астындағылардан заңсыз ақша талап етіп келген. Құныққан басшы қызметкерлеріне сыйақы жазып, кейін оны тиынына дейін санап өзі алады екен.

Өкініштісі сол, бұл жағдай көптен бері қайталанып келген көрінеді. Таяуда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары емдеу орынының жұмысына араласқан соң ғана былықтың беті ашылды.  

Айдос Мамыт, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бүгінде емхана басшысына қатысты ҚР ҚК 362-бабы, яғни қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Басқа ақпарат қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы