424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар 72 жастағы балықшыны ажалдан құтқарып қалды

  • 399
Солтүстікқазақстандық құтқарушылар 72 жастағы балықшыны ажалдан құтқарып қалды

Есіл өзеніне қармақ салуға барған Явленка селосының тұрғыны абайсызда биік жардан құлап кеткен.

Аяғы саз балшыққа батқан қария өздігінен судан шыға алмай қалған. Оның жанайқайын өтіп бара жатқан адамдар естіп, бірден 112 телефонына қоңырау шалған. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қарияны кешкісін сыртқа шығарып, бірден аудандық ауруханаға жеткізеді. Айта кету керек, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 4 адам суға батып кеткен.

Игорь Жуков, облыстық ТЖД бастығының орынбсары:

- 72 жастағы қария таңғы 10-нан кешкі 22-00-ге дейін кеудеден асатын тереңдіктегі суда тұрып қалған. Қолында телефоны да болмаған. Өзі екінші топтағы мүгедек. Әбден тонған. Құтқарушылар келген кезде қалтырап сөйлей де алмады. Сондықтан балықшыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы