425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Семейде тұрғын үй өртенді

  • 369
Семейде тұрғын үй өртенді

Семей қаласында алапат өрт болып, иіс тиіп уланған бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметі жалын 20 маусым түнде Омская көшесіндегі жекеменшік тұрғын үйлердің бірінен шыққанын хабарлады. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде шаруашылық құрылыстың 34 шаршы метр аумақтағы ағаш конструкциялары, сондай-ақ шатырдың ағаш бөліктері, дәліз, 100 шаршы метрдегі жиһаз өртеніп, жалын көрші тұрған үйдің 50 шаршы метр болатын шатырына өткен. «Қолға алынған шаралардың арқасында, сағат 02:55-те өрт толық сөндірілді. Оның жалпы аумағы 184 шаршы метрді құрады. Иіс тиіп уланған көрші үйдің 2001 жылғы тұрғыны ауруханаға жеткізілген, оның жағдайы орташа ауыр. Сондай-ақ, өрт кезінде шаруашылық құрылыста 20 тауық қырылды», - деп хабарлады ТЖБ-дан. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына салықтық немесе үй шатырындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Еске сала кетсек, Семейде осыған ұқсас ірі өрт оқиғасы 5 маусымда болды


 

Хабар 24 телеарнасы