423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада «Бақша Сарай» дәмханасы өртенді

  • 247
Қызылордада «Бақша Сарай» дәмханасы өртенді inform.kz

Қызылорда қаласында «Бақша Сарай» кафесі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға бүгін сағат 9:00 шамасында болды. Жергілікті «112» құтқару қызметіне «Бақша Сарай» кафесінде өрт оқиғасы болып жатқаны туралы хабарланды. Оқиға орнына өртке қарсы қызметтен 40 қызметкер 9 техникамен барды. Өрт 09.:29-де оқшауланып, 09:43-де толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

«Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болды деген болжам жасалып отыр. Қазір келген шығын анықталу үстінде. Төтенше жағдай орнынан 1 кіші және 1 үлкен сыйымдылықтағы газ баллондары шығарылды. Жыл басынан бері облыста 229 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан төрт адам қайтыс болды. Жарақат алғандар да бар», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз маманы Әлия Ережепова.

Хабар 24 телеарнасы