418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында өртеніп жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

  • 137
  • UPD: 15:05, 25.06.2020
Қостанай облысында өртеніп жатқан пәтерден әйел адам құтқарылды

Қостанай облысы Лисаковск қаласының бірінші шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында өрт шықты.

Өрт туралы облыстық ТЖД-не 24 маусым күні сағат 23:39-да пәтердің көршілері хабарлаған. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына 6 адамнан тұратын өрт сөндіру қызметі жетті, деп хабарлады alau.kz.

Өрт сөндірушілер түтін шығып жатқан пәтердің есігін бұзып кірді. Жалын 10 шаршы метр асүйді шарпыған.

«Пәтер иесі келесі бөлмеден еденде жатқан жерінен табылды. Ол пәтерден шығарылып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Басқа тұрғындарды эвакуациялау қажет болмады», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сағат 00:01-де ауыздықталды. Өрттің алдын-ала себебі отты ұқыпсыз пайдалану болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы