426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да он үш жасар қыз суға кетті

  • 269
  • UPD: 16:03, 25.06.2020
ШҚО-да он үш жасар қыз суға кетті

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында 13 жастағы қыз суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2007-2008 жылғы Заманбек, Ералы және Әнуар есімді балалар сол маңайда екі қыздың суға батып бара жатқанын көрген. Олар бірден құтқарушыларға, полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалып, өздері көмекке ұмтылған. «Үшеуі 12 жастағы қызды құтқарып алған соң екіншісін іздеуге көшеді. Суға сүңгіген балалар оны тауып алып, жағаға алып шыққан. Ес-түссіз жатқан қызды дәрігерлер лезде ауруханаға жеткізді. Алайда 2007 жылғы баланың өмірін құтқарып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД дерегінше, өткен жылы суға түсу маусымында ШҚО-да 5 бала суға кеткен. Ал биылғы маусым басталғалы бері осындай 2 қайғылы жағдай тіркеліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы