417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 80 жастағы тұрғынды көлік басып кетті

  • 167
  • UPD: 10:27, 26.06.2020
Қостанайда 80 жастағы тұрғынды көлік басып кетті

Көлік қағып кеткен қостанайлық көз жұмды.

Тобыл қаласында 23 маусым күні шамамен таңғы сағат 6:00-де 44 жастағы жүргізуші басқарған «ВАЗ 2103» көлігі 80 жастағы Қостанай тұрғынын қағып кетті.

Әйел адам Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілді, алайда ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлады kstnews.kz.

Қостанай аудандық полиция бөлімі ҚК 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы