418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарабұтақ – Қостанай тасжолында көлік аударылып қалды

  • 313
  • UPD: 15:28, 26.06.2020
Қарабұтақ – Қостанай тасжолында көлік аударылып қалды

25 маусым күні сағат 07:12-де Қарабұтақ – Қостанай тасжолында жол апатынан 4 адам зардап шекті.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің 38 жасар жүргізушісі, Маңғыстау облысының тұрғыны Қарабұтақ ауылынан Қостанай қаласына қарай келе жатып Қарабұтақ –Қостанай тасжолының 105 шақырымында көлік тізгінін игере алмай аударылып қалған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік жүргізуші және 3 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші көлікті басқару кезінде ұйықтап кеткен.

Сол күні Покровка – Жаңажол  жергілікті маңызы бар тасжолының 18 шақырымында Темір қаласының маңында «Ауди» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп 33 жастағы Кеңқияқ ауылының тұрғынының басқаруындағы «Ваз-21115» автокөлігімен соқтығысқан.

Жол көлік оқиғасы нәтижесінде екі жүргізуші мен «Ауди» көлігінің 2 жолаушысы Шұбарқұдық ауылындағы ауылдық амбулаторияға жетізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы