429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алакөлде үрмелі матраста жатқан баланы жел ұшырып әкетті

  • 1168
  • UPD: 16:06, 27.06.2020
Алакөлде үрмелі матраста жатқан баланы жел ұшырып әкетті tengrinews.kz

Алакөл жағалауынан үрмелі матраста жатқан баланы жел алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алакөл жағалауын патрульдеу кезінде құтқарушыларға әйел келіп, үрмелі матрастағы бала жел әсерінен жағадан алыстап бара жатқанын айтқан.

«Құтқарушылар балаға барынша ұқыпты жүзіп барып, қайыққа отырғызуға тырысты, кейін жағаға жеткізді. Абырой болғанда қайғылы оқиға болған жоқ, - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

12 жастағы баланы жел жағалаудан шамамен бір шақырымға алып кеткені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы