418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда өзеннен әйел адамның мүрдесі табылды

  • 282
  • UPD: 12:07, 29.06.2020
Қостанайда өзеннен әйел адамның мүрдесі табылды

28 маусымда құтқарушылар Қостанайдан 3 шақырым жерде Тобол өзенінен 1971 жылғы әйел адамның денесін алып шықты.

Еске сала кетейік,  бір күн бұрын шамамен сағат 22:45-терде әйел белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.

Сүңгуілер оның мүрдесін оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықтан, өзеннің төменгі ағысынан тапқан. Сот-медициналық сараптама белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы