427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе – Қостанай жолында көлік аударылды

  • 339
  • UPD: 14:26, 29.06.2020
Ақтөбе – Қостанай жолында көлік аударылды

Ақтөбе – Қостанай автожолында «Тоyota-Camry 70» автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

28 маусым күні сағат 10:30-да Түркістан қаласының тұрғыны, «Тоyota-Camry 70» автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Қостанай қаласына қарай келе жатып, Әйтеке би ауданы Әйке ауылынан 40 шақырым жердегі Қарабұтақ – Қостанай жолының 231 шақырымында көлік тізгінін игере алмай аударылып қалған.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы әртүрлі жарақаттармен Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Еске салсақ, бұған дейін 25 маусым күні сағат 07:12-де Қарабұтақ – Қостанай тасжолында «Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің аударылып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы