420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда той өткізген қос бірдей мейрамхана анықталды

  • 295
  • UPD: 20:30, 29.06.2020

Барша ел қауіпті індетке қарсы күресіп жатқанда Петропавлда той тойлағандар анықталды.

Өткен демалыс күндері арнайы жүргізілген рейд барысында полиция қызметкерлері шаһарда екі бірдей тойхананы әшкереледі.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қос мейрамханада үйлену тойы болып жатқан. Шақырылған қонақтардың саны 60 адамнан асқан. Отбасылық отырыс дереу тоқтатылып, қонақтар үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. Санитарлық дәрігердің талабын сақтамаған тапсырыс беруші мен кәсіпкерлерге айыппұл салынды. Іс сотқа кетеді. Жалпы қалада соңғы бір айда карантин талабын бұзып, той өткізудің бес фактісі анықталды. 

Әлішер Жармағамбетов, қалалық полиция басқармасының аға инспекторы:

- Мейрамхана иелері, әкімшілігі қонақтарды той иелерін артқы есіктен кіргізіп, тиыш ғана той өткізгісі келген. Бірақ біздің қызметкерлеріміз тәркілеп, той тоқтатылды. Демек, бұл әкімшілік құқық бұзушылық. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462-бабымен анықталған, ол бойынша жеке тұлғаларға 5 АЕК штраф, ал заңды тұлғаларға 15-тен бастап 200 АЕК-ке дейін көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы