431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шудағы Шоқпар теміржол станциясында жүк пойызы рельстен шығып кетті

  • 449
  • UPD: 12:39, 30.06.2020

Өткен түнде Шу ауданы Шоқпар теміржол стансасында 60 тонна жанармай құйылған цистерна мен 1 контейнер рельстен шығып кетті.

Салдарынан бензин жерге төгіліп, өртенді. Барлығы 600 шаршы метр аумақ отқа оранып, 75 теміржол төсемі зақымданды. Оқиға орнына жергілікті төтенше жағдайлар департаменті мен өрт сөндіру қызметі келді. Өрт таңғы 5 жиырмада сөндірілді. Шу, Алайғыр, Еспе стансаларындағы 10 жолаушылар пойызы жолға уақытылы шыға алмай, кешіктірілді. «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері жақын маңдағы 10 шақты жер үйде тұратын 42 адамды эвакуациялады. Айта кетейік, № 2950 жүк пойызы Алматы-Ақтоғай бағыты бойынша келе жатқан.

Хабар 24 телеарнасы