418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жеңіл көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші көз жұмды

  • 179
  • UPD: 11:44, 01.07.2020
Алматыда жеңіл көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші көз жұмды bessarabiainform.com

Алматыда Peugeot маркалы көлік газ құбырына соғылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға Қожанов пен Экспериментальная база көшелерінің қиылысында болған.

Peugeot көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бар жылдамдықпен бетон қоршауды соққан. Артынша газ құбырына соғылып, машина отқа оранған.

«Жүргізушінің кім екені анықталды. Ол – 1970 жылы туған Е. есімді азамат. Оқиғаға дейін ол екі жол апатын жасап, қашып кеткені белгілі болды. Қазіргі уақытта бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы жүргізеді» деп хабарлады полициядан.

Хабар 24 телеарнасы