417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде 10 жастағы бала суға батып кетті

  • 231
  • UPD: 14:28, 01.07.2020
Семейде 10 жастағы бала суға батып кетті ҚазТАГ

Семейде 2010 жылы туған бала суға батып кетті, деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Кеше кешкі 19:00 шамасында әйел адам аудандық полицияға хабар берді. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шыққан.

«Белгілі болғандай, немересін суға түсіру үшін әжесі екеуі Ертіс өзеніне барған. Біраздан кейін әйел баланың су үстінде жатқанын ес-түссіз жатқанын көреді.

Туыстары баланы судан шығарып, оны көлікпен ең жақын медициналық мекемеге апарады. Алайда, дәрігерлерде ол кезде баланың өлімін тіркеуден басқа амал қалмайды», делінген ведомство мәлімдемесінде.

Хабар 24 телеарнасы