417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда бомба туралы жалған хабар таратқан жасөспірім ұсталды

  • 156
  • UPD: 10:57, 02.07.2020

Ақтауда 25 жастағы ер адам суға кетті

Каспийге шомылуға барған 25 жастағы ер адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдай Ақтаудан 66 шақырым жердегі жағажайда болды. Марқұмның денесін достары теңізден алып шыққан. Құтқарушылардың айтуынша, әлгі аймақта суға түсуге тыйым салынған. Осыған қарамастан өмірге қауіпті жерге барушылар саны азаятын емес.

Құрғақ шөп өртенді

Шығыс Қазақстанда Семей мен Өскеменнің ортасындағы демалыс базасы маңында құрғақ шөп өртенді. Демалушылар Дубығалы көлінің маңайында алау жағып,оны өшірмей кетіп қалған.Салдарынан  өрт құрғақ шөпке тиіп 45 га жер жанып кетті. Бастапқыда оннан астам жергілікті құтқарушы қызыл жалынды өз күштерімен сөндіруге тырысқан екен. Алайда  екпінді желден от одан сайын өршіп дес бермеген.Сондықтан Өскеменен 22 өрт сөндіруші көмекке жіберілді.Тілсіз жау тек кешке қарай ғана толық өшірілді.

Бомба туралы жалған ақпарат таратты

Павлодарда бомба туралы жалған хабар таратқан 15 жастағы бала ұсталды. Жасөспірім жедел басқару орталығына хабарласып, тұрғын үйде жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетті. Тексерістен соң тұрғын үйден бомба табылған жоқ. Дегенмен, көпқабатты үй тұрғындарын дүрліктірген. Салдарынан 30-дан астам тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды. Ал жасөспірім «әзілдегім келді» деп ақталған.

Жанна Белялова, облыстық ПД ресми өкілі:

– Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша тергеу басталды. Өңір полицейлері жалған хабар тарату қылмыстық жауапкершілік екенін ескертеді. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме өрбітті. Түсініктеме жұмысын жүргізді.

Көпқабатты үйден өрт шықты

Петропавл қаласында үйдің 4-інші қабатынан өрт шықты. Оқыс оқиға түсте болған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, тілсіз жау қосулы тұрған үтіктен тұтанып, еденді шарпыған. Өрт бірден өшірілді. Зардап шеккендер жоқ. 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды

Түркістан облысында жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды.

Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы WhatsАpp желісіндегі топтарда  «Ауада вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар» деп  жалған ақпарат таратқан. Ол қазіргі таңда  құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал облыстық әкімдіктің өкілдері Түркістан өңірінің тұрғындарына осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ,  дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы