417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында кәсіпорын басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды

  • 171
  • UPD: 11:09, 02.07.2020
Қарағанды облысында кәсіпорын басшысы алаяқтық әрекеті үшін сотталды inform.kz

Шахтинск қаласы сотының үкімімен коммерциялық кәсіпорын директоры іс жүзінде орындалмаған автокөлік жолын жөндеу жұмысына төлем ретінде алаяқтық жолмен мемлекет бюджетінен қаражат алғаны үшін сотталды.

Мемлекетке келтірілген залал көлемі 5,8 млн теңгені құрайды. Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп табылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу қойылып, құрылыс және жол жөндеу саласында кәсіпкерлік қызметпен айналасу құқығынан 7 жылға айырылды

Хабар 24 телеарнасы