418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ер адам 77 жастағы зейнеткерді ұрып кетті

  • 249
  • UPD: 10:57, 03.07.2020
Алматы облысында ер адам 77 жастағы зейнеткерді ұрып кетті

Алматы облысының полицейлері зейнеткерді ұрды деп күдіктелген ер адамды ұстады, деп хабарлады inAlmaty.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу бойынша Жаркент қаласының тұрғыны 77 жастағы зейнеткер әйелдің үйіне кіріп кетіп, оны ұрған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, алайда ол алған жарақаттарынан жан тапсырды.

«Қылмыстың нақты себебі тергеу барысында белгілі болады. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 46 жастағы Жаркент қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Іс адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру бойынша тергелуде.

Хабар 24 телеарнасы