417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда инкассатор көлігін тонағандар ұсталды

  • 388
Қарағандыда инкассатор көлігін тонағандар ұсталды

Қарағанды қаласында инкассатор көлігін тонап, 70 миллион теңгені қолды еткен 3 адам қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал төртінші азаматқа іздеу жарияланды. Олар бір апта бұрын коммерциялық фирманың банкке қаржы апара жатқаны туралы ақпаратты біліп, инкассаторлық көлікпен қасақана соқтығысады. Сол жерде қарулы шабуыл жасап, 70 миллион теңгені ұрлап кеткен. Көп ұзамай күдіктілердің жасырынған жері анықталған. Тінту барысында 3 азаматтан 30 миллион теңге мен тапанша тәркіленді. Қылмыскерлер 25 пен 30 жас аралығындағы, бұрын істі болмаған Қарағанды облысының тұрғындары екен.

Шахназар Салин, Қарағанды қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары:

– Кеше ғана 3 адам 128-баппен ұсталып, қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Екі күдікті адам Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталса, біреуі Қарағанды облысының аумағында. Енді оларды сот шешімімен 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Хабар 24 телеарнасы