419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықта этанолдан уланған он бір адам көз жұмды

  • 351
  • UPD: 14:41, 04.07.2020
Арқалықта этанолдан уланған он бір адам көз жұмды

Арқалықта бірнеше адам этанолдан уланып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Арқалық қаласында бір тәулікте этанолдан уланып қалған 11 адамның екеуінің өлім себебі анықталды. Науқастардың алғашқы легі 3 шілде күні сағат 05:20 кезінде ауруханаға түскен. Бүгін уланған 9 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша полиция ҚР ҚК 306-бабымен (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Арнайы сараптама бекітілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде» делінген полицияның ақпараттық хабарламасында. Мамандар қылмыстық істің барысын бақылауға алды.

Хабар 24 телеарнасы