432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алкогольден улану оқиғасы: жасырын цех анықталды

  • 351
  • UPD: 12:12, 06.07.2020

Арқалық қаласында 15 адам қолдан жасалған алкогольден уланып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тексеріс барысында олардың пластикалық бөтелкеге құйылған өнімді ішкені анықталды. Заңсыз саудаланған өнім тәркіленді. Сонымен қатар Арқалық қаласында кәсіпкерлердің бірінен 408 бес литрлік бөтелкеге құйылған сұйықтық табылды. Тергеу амалдары барысында Ақмола облысында да спиртті сусындарды шығаратын цех табылып, үш күдікті ұсталды. Салдарынан төрт адам қайтыс болды.

Тергеу амалдары барысында Ақмола облысында да спиртті сусындарды шығаратын цех табылып, үш күдікті ұсталды. Салдарынан төрт адам қайтыс болды. Өлімнің алдын ала себебі – гемморагиялық панкреатит. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде қайтыс болғандардың барлығы пластикалық бөтелкелерге құйылған өнімді ішкені анықталды. Тексеру барысында Атбасар ауданында заңсыз цех табылды. Өнім тәркіленді, дегенмен басым бөлігі сатылып кеткен. Тұрғындарды абай болуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы