418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белгілі актер Дархан Дайырбек көз жұмды

  • 313
  • UPD: 09:40, 08.07.2020
Белгілі актер Дархан Дайырбек көз жұмды kinoteatry.kz

Бүгін түнде белгілі актер Дархан Дайырбек бақилық болды.

Бұл туралы Нұртас Адамбай өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Дархан аға көңілді әрі мейірімді жан болатын. Жадымызда осындай жан ретінде қалады.

Дәке, сомдаған рөлдеріңіз үшін, жұмысыңызға, адамдарға деген қарым-қатынасыңыз үшін үлкен алғыс!

Иманды болыңыз», – деп жазды Адамбай.

Дархан Дайырбек 1994 жылы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Содан соң Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеген.

Сондай-ақ көрерменге «Әкім», «Құдалар» секілді фильмдер арқылы да танымал.

Танымал дизайнер Берік Исмаилов бақилыққа аттанды.

Хабар 24 телеарнасы