431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында балықшы суға кетті

  • 304
  • UPD: 10:35, 08.07.2020

32 жастағы жігіт көз жұмды

Семей қаласында 32 жастағы азамат жеңіл көлікті басқара алмай, Ертіс өзенінен құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға туралы төтенше жағдайлар қызметіне куәгерлер хабарлап, судан 30 жастағы әйелді шығарды. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Ал машина ішінде болған 32 жастағы жігіт көз жұмды. Оның денесін көлік ішіне қысылып қалғаны анықталды.

Сағат Мәдиев, облыстық полиция департаментінің бастығы:

– Полиция департаменті полиция қызметкерлері көлік құралының ізіне түскен уәждемені жоққа шығарады. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат келіп түскеннен кейін оқиға орнына жақын маңдағы жол қиылысында қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция экипажы, сондай-ақ, Семей қаласы полиция басқармасыны ңжедел тергеу тобы жіберілген. Адам өлімі орын алған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы бері үш балықшы суға кетті

Тағы бір оқыс жағдай Жарқайың өзеніне болды. Екі адам отырған қайық айналып кетіп, олардың бірі батып кетті. Көз жұмған 51 жастағы азаматтың балық шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Құтқарушылар марқұмның денесін іздеуге бір апта жұмсаған. Бұл іске жеке құрамның сегіз маманы жұмылдырылды.

Дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың төрт дерегі тіркелді

Павлодар облысында дәрі-дәрмекті заңсыз саудалаудың 11 дерегі тіркелді. Соңғы күндері саудамен айналысқан әйелдер ұсталды. Оңай олжаға кенелгісі келгендер саудаларын түнгі уақытта қыздырған. Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы хабарлама жариялап, нәпақа тапқан. Бүгінгі таңда өңірде медициналық препараттардың баға саясатын бақылаумен жеті мониторингтік топ айналысып жатыр.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ДП бастығының бірінші орынбасары:

– 1987 жылы туған әйел бағасы 85 теңге болатын «Парацетамолды» 500 теңгеден сатқан. Дене температурасын түсіретін өзге дәрілерді 700 теңгеден саудалаған. Бұл деректер тіркеліп, құқықтық баға берілді. Жұмыс тұрақты түрде атқарылады.

Көлік өртенді

Түркістан облысы Абай ауданының Темірлан тас жолының бойында тұрған BMW маркалы автокөлігі отқа оранды. Салдарынан машинаның мотор бөлігі толығымен жанып кетті. Қызыл жалын бес минуттың ішінде өшірілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жыл басынан бері өңірде осы тектес 19 дерек тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы