418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да есірткі сатқандар ұсталды

  • 193
  • UPD: 21:38, 10.07.2020
БҚО-да есірткі сатқандар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 120 мың доза синтетикалық есірткі дайындаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасырын зертхана Теректі ауданындағы үйлердің бірінің гаражынан анықталған. Онда желдеткіш орнатылып, тоңазытқыш камера қойлыған. Қысқасы құдды бір өндіріс орны секілді жасақталған. Тінту кезінде ол жерден түрлі қоспалар мен химиялық заттар және қорғаныш костюмдері, сосын 11 келіден астам синтетикалық есірткі мен 8 келі пировалерон тәркіленді. Мамыр айында дәл осындай зертхана Алматы облысының Талғар қаласында анықталған еді. Ол кезде құны 413 млн теңге болатын есірткі тәркіленген.

Хабар 24 телеарнасы