418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

  • 228
  • UPD: 08:44, 11.07.2020
Түркістан облысында көлік жүргізушісі жасөспірімді қағып кетті

Түркістан облысы Жетісай ауданында жүргізуші велосипедпен мінген 8 жастағы баланы қағып кетті. Салдарынан жасөспірім басынан жарақат алып, орталық аудандық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері велосипед мінген баланы жолдың қарама-қарсы бағытынан келе жатқан «Lаda» автокөлігі соғып кеткенін анықтаған. Кінәлі жүргізушінің артынша жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткені белгілі болды. Оның ұстау мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілген. Нәтижесінде екі сағат ішінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Тексеру барысында оның көлік жүргізуге тиісті құжаты жоқ екені, әкесінің машинасын мас күйінде басқарғандығы анықталды. Бүгінгі таңда күдікті қамауға алынып, аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-1-бабы «Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша тергелуде.

Хабар 24 телеарнасы