418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада дәрі-дәрмекті алып сатушылар ұсталды

  • 185
  • UPD: 19:06, 11.07.2020
Қызылордада дәрі-дәрмекті алып сатушылар ұсталды

Қызылорда облысында полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату деректерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс көлемінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізілді. Осы бағытта жүргізілген шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері дәрілік заттардың үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 6 дерегін тіркеді.

Қызылорда қаласының тұратын 33 жастағы азаматша дәріханада жоқ дәрілерді сатып тұрған жерінен ұсталды. Ұсталғаннан айғақ зат ретінде «Цифран ОД 1000 мг», «Тромбо АСС 50 мг», «Цифран 500 мг» дәрілері тәркіленді. Ал облыс тұрғыны интернет желісі арқылы «Цефепим» ампуладағы ақ түсті ұнтақ дәрісін сататыны жөнінде хабарлама жариялаған. Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 11 дана «Цефепим» (ампулада) дәрі алынды.

«Осындай заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан Қызылорда қаласында тұратын 38 жастағы азаматша ұсталды. Азаматша әлеуметтік желілер арқылы жарнамалап, дәрілік препараттарды көтеріңкі бағамен сатқан.

Осындай жөнсіздікке жол берген Қызылорда қаласында тұратын 42 жастағы азаматша дәрілік препараттарды жоғары бағамен сатқан. Қызылорда облысының тағы бір тұрғыны интернет желісі арқылы дәрі сататыны жөнінде хабарлама жариялаған. Тексеру барысында бұл азаматтан айғақ зат ретінде 10 дана «Ригидрон», 12 дана «Ципрокс», 3 дана «Флемокслаф» дәрілік препарттары алынды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық ПД.

Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда. Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы