418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда дауылдан бірнеше аудан жарықсыз қалды

  • 225
  • UPD: 20:54, 12.07.2020

Қарағандыда бүгін кенеттен дауыл тұрып, біраз ғимараттың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондаған көлік құлаған тал-теректің астында қалған. Қазір шаһардағы бірнеше аудан жарықсыз отыр. Желдің екпінді болғаны соншалық, жол жиегіндегі теректерді тамырымен қопарып әкеткен. Қазір төтенше жағдайлар департаментіне хабарласып, көмек сұраған тұрғын көп. Қаладағы коммуналдық қызметтер мен апаттық бригадалар дауылдың салдарын жоюмен айналысып жатыр. Шығын көлемі есептеліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы