418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада базар өртенді

  • 122
  • UPD: 18:41, 13.07.2020
Елордада базар өртенді

Бүгін елордадағы «Әмір» әмбебап базары аумағында өрт болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 16:14-те Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшесіне Алаш тас жолы 29/2 мекен-жайынан шақырту түсті. Оқиға орнына барған кезде «Әмір» әмбебап базарында болжамды аумағы 300 шаршы метр болатын қойма ғимаратының шатыры өртеніп жатқаны анықталды», - деп атап өтеді ведомстводан. Өрт сөндірушілер сағат 17:08-де жалынның бетін қайтарды. Қазіргі уақытта өртті толықтай сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру қызметінің 32 маманы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп нақтылады департаменттен.

Хабар 24 телеарнасы