423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да дауылдан спорт мектебінің шатыры ұшты

  • 526
  • UPD: 22:38, 13.07.2020
ШҚО-да дауылдан спорт мектебінің шатыры ұшты

Шығыс Қазақстанда дауыл тұрып, балалар спорт мектебінің шатыры ұшты, сондай-ақ екі автокөлік бүлінді, деп хабарлайды Бородулиха ауданы төтенше жағдайлар бөлімі.

Мекеменің хабарлауынша, бүгін, 13 шілде күні 14:00-де Бородулиха ауылында қатты жел тұрып, «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимаратының 468 шаршы метрлік шатырын қиратқан.

«Шатырдың құлауы салдарынан екі автокөлікке залал келді. Зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі есептеліп жатыр», - деп түсіндірді ТЖБ.

Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен.

Хабар 24 телеарнасы