423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда өзеннен 35 жастағы ер адамның денесі табылды

  • 289
  • UPD: 17:14, 14.07.2020
Қостанайда өзеннен 35 жастағы ер адамның денесі табылды

Қостанай облысы Қарабалық ауданында өзенен екі адамның денесі табылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Айта кетейік, бұрын 1995 жылы туған ер адам суға батып кеткен.

Қостанай облысы ТЖД сүңгуірлері Қарабалық ауданында Шадықсай ауылынан үш шақырым жердегі Үй өзенінен 35 жастағы ер адамның денесін алып шықты.

Әйелінің айтуынша, ер адам отбасымен демалыста жүріп, шомылу кезінде суға батып кеткен. Жазатайым оқиғаның мән-жайы анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ-ның бес құтқарушысы, бір жүзу құралы мен бір техникасы, аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері мен бір техникасы жұмыс істеді.

Хабар 24 телеарнасы