418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда дәріні алып сатумен айналысқандар ұсталды

  • 134
  • UPD: 09:15, 15.07.2020
Көкшетауда дәріні алып сатумен айналысқандар ұсталды

Ақмола облысында заңсыз дәрі-дәрмек сатқан 15 адам ұсталды. Олар облыс орталығында және аудандарда қазіргі сұраныстағы дәрілерді астыртын сатып келген.

Полицейлер күдіктілерді арнайы рейдтер барысында қолға түсірді. Енді олар қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылады. Мәселен, Көкшетау қаласында 18 және 27 жастағы азаматшалардың жасырын дәрі сатып жүргені белгілі болған. Оларды тінту барысында  210 қорап «Трамадол» және 58 құты «Тропикамид» атты дәрілік заттар табылған. Жалпы он күннің ішінде полицейлер 4 мыңнан астам дәрілік препарат тәркілепті. Рейд барысында дәрі-дәрмектерді шектік бағадан қымбатқа сатқан дәріханалар да кездескен. 

Виталий Гудыменко, облыстық ПД басқармасының бөлім жетекшісі:

- Мұндай 5 дерек тіркелді. Олар әкімшілік заңбұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ дәрілерді арнайы рұқсат қағазынсыз азық-түлік дүкенінде сатқан жағдай да анықталды. Бұл да әкімшілік жазаға жатады.

Хабар 24 телеарнасы