417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда үш дәрігер пневмониядан көз жұмды

  • 261
  • UPD: 23:13, 15.07.2020

Олар провизорлық госпитальдерге коронавирус дигнозымен жатқызылып, артынша бұл диагноз пневмонияға өзгертілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде сегіз дәрігер емделіп жатыр. Тағы 50 дәрігер мен мебдикелер амбулаториялық ем қабылдауда. 122 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырған. Бүгін қаза тапқан үш дәрігердің туыстарына мемлекеттік марапаттар табысталды. «Құрмет» орденімен марқұм учаскелік мебдике Ольга Лошманова, Екібастұз қаласының номері үшінші емхана санитары Айгүл Мұқашева және Павлодар қалалық нөмірі бірінші емхана медбикесі Гүлбаршын Шәріповаға марапатталды.

Наталья Пахомова, медбике ольга лошманованың әпкесі:

– Әпкемді блок-бекетке жұмысқа жібергенде, соншалықты қауіпті екенін білмеппіз. Обаға қарсы костюмдер қорған бола алмады. Вирус бізден күшті. Біз жақын адамымыздан айырылдық.

Хабар 24 телеарнасы